Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Жүсіп Баласағұни атындағы орта мектебі» КММ

МЕНЮ

Ж.Баласағұни орта мектептің 2025-2026 оқу жылындағы 1 қыркүйек-Білім күні алғашқы қоңырау мерекесіне арналған мәліметі

Тақырыбы: Адал азамат – ел болашағы

Қыркүйектің бірі күні мектеп алаңында сағат сегізде сынып оқушылары, ұстаздар мен ата аналар шақырылған қонақтар жиналып, салтанатты жиын өз дәрежесінде жақсы деңгейде өтілді.

Мектеп алды талапқа сай гүлдермен, шарлармен безендірілді.

Оқушылар сапқа тұрып , фанфар берілгеннен кейін сахналық композиция арқылы мерекелік шара өз жалғасын тапты. Сынып оқушылары Александр Назерке, Нұрболат Дарын, Бауырхан Аяла, Жақсылық Нұрислам сынды оқушылар өздеріне берілген рөлді жақсы алып шықты.

1-бөлім сахналық композиция

Сахналық композиция: «Біліммен қарулан, адалдықпен даралан» 

Мақсаты: Адалдық, білім, еңбек, отансүйгіштік құндылықтарын дәріптеу.

Кейіпкерлер: 

– Диктор 

– 1-оқушы (Адалдық бейнесі) 

– 2-оқушы (Білім бейнесі) 

– 3-оқушы (Еңбек) 

– 4-оқушы (Арман) 

– 2–4 қосымша оқушы өлең жолдарын оқыды

Музыка ойнап ,сахнада мантия киген 4 оқушы бейнелерін ұстап тұрды – "Адалдық", "Білім", "Еңбек", "Арман"

Адам баласы шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап ізгілікке, тазалыққа, адалдыққа ұмтылады. 

Бүгінгі жас – ертеңгі елдің иесі. 

Ендеше, еліміздің болашағы қандай болмақ?  дегенде:

Александр Назерке (Адалдық): 

Мен – Адалдықпын. 

Мен жүрген жерде сенім мен тыныштық орнайды. 

Мені таңдаған адам ешқашан ұтылмайды. 

Өмірдің ауыр жолында мен сені сүріндірмеймін!

Бауырхан Аяла (Білім): 

Мен – Біліммін. 

Мені меңгерген адам – биіктен көрінеді. 

Білімсіз адам – бағытсыз кемедей. 

Елімнің ертеңін мен көтерем! Деп ары қарай жалғастырды.

Соңында барлығы хормен:

Біліммен қарулан, 

Адалдықпен даралан! 

Еңбекпен өрлеп, 

Арманға самға!

Екінші  бөлімде бірінші сынып оқушылары ортаға шақырылып, апайлары Кішкентаева Гүлдана Дәнеғұлқызымен бірге аз ғана шағын концерттік бағдарламаларын өтті. Мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп жаға оқу жылына жақсы тілектер айтты. Бірінші сынып ата анасы Кішкентаева Жұпаркүл апа бүлдіршіндерге ақ жол тілеп, құттықтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мынадай сөзі бар: 

"Нағыз азамат болу үшін ең алдымен адал болу керек." 

Бұл – әр оқушының жүрегінде сақталатын ұлағатты сөз!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы сөзін басшылыққа ала отырып, биылғы жаңа оқу жылы "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасымен басталуда. Бұл бағдарлама – баланың бойына адалдық, жауапкершілік, Отансүйгіштік, әділдік сияқты рухани құндылықтарды сіңіруге бағытталған.

Осы қасиеттердің бастауы – дәл бүгінгі алғашқы қадамнан басталады. 

Білім өлкесіне бастар, үмітке толы жаңа жол – 

Қоңырау үнімен әр оқу жылы бастау алады. 

Осы сәт – болашақтың жарқын беттері ашылар салтанатты шақ! 

Алғашқы қоңырау соғу құрметіне –  білім ордасының табалдырығын жаңадан аттаған 1-сыныптың балғын бүлдіршіндерін, және мектеппен қоштасуға бір қадам қалған 11-сыныптың арманшыл түлектерін ортаға шақырып алғашқы қоңырау соғылды.

"1_0ырк8.jpeg

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Жүсіп Баласағұни атындағы орта мектебі» КММ