Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Жүсіп Баласағұни атындағы орта мектебі» КММ
25-қазан Республика күні.
Мақсаты: Балалардың туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту. Қ.Р.рәміздерін құрметтеу.Мектеп алаңы мерекеге орай безендірілді. Республика күніне лайықталып жасалған баннер ілінді.Мектеп директоры құттықтау сөз сөйледі.Мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарлама өз дәрежесінда, жақсы көңіл күйде өтілді. Бұл күн Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен Конституциялық заңдарының құрметтелетін күні.Республика күні және Жас ұланға қабылдау!


Мектебімізде «Сау бол, жүз жаса» тақырыбында қыркүйек айында спорттық шара өткізілді. 7-сынып оқушылары мектеп спорт залында спорттың әр түрінен жарысқа түсті. Онда мектеп мейірағасының қатысуымен қызықты өткен жарыста оқушылар денсаулық туралы, оның пайдасы туралы біраз мағлұмат алды. Дене шынықтыру пән мұғалімдері жарыс шартымен балаларды таныстырды, қауіпсіздік шаралары сақталды.
Мақсаты: Денсаулықты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау.
Қатысушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Ұжымдық рухты, достық пен өзара қолдануды дамыту. Жасөспірімдер арасында спорт мәдениетін қалыптастыру. Қатысушылардың физикалық дайындық деңгейін арттыру.
Жарысқа қатысушы 7-сынып оқушылары қол күрестен, арқан тартыстан, жүгіруден сайысқа түсті. Дене шынықтыру пән мұғалімдері жарыс соңында жеңімпаздарды мадақтады.Құмарбек Әрсен, Еркебай Санжар, Амангелді Нұрдәулет сынды оқушылар өзінің шапшаң қимылымен, жылдамдықтары мен көзге түсті.

Жүсіп Баласағұни атындағы орта мектепте,мектеп парламентінің президентін сайлау өткізілгені туралы мәлімет
Жүсіп Баласағұни атындағы орта мектепте Мектеп парламентінің президентін сайлау өткізілді.Сайлау ережесіне сәйкес кандидаттыққа ұсынылған 11 үміткер өз бағдарламаларын 8-10сынып оқушылары арасында таныстырып,үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.Үміткерлер арасында басым дауыс жинаған оқушы «Мектеп парламентін»қайта жасақтап, «Мектеп президенті»болып ұлықтау іс-шарасына қатысып,ант беретін болады.Президент болу үлкен жауапкершілік,осы жауапкершілікті абыроймен алып шығып мектебіміздің атын тек биіктерден көрсетеді деген үлкен сенімдеміз!

Ж.Баласағұни атындағы орта мектепте ұстаздар мерекесіне іс-шара ұйымдастырылды.Ұстаз-ұлы есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, ұстаздық жолдың қиыны мен қызығын қатар алып жүрген осынау мамандық иелерінің еңбегі ересен. Ұстазын құрметтеу, ұстазына деген ізгі тілектерін жеткізе білуге бағытталған аталған іс-шара өз деңгейінде өтті.



