1-қазан-Халықаралық қарттар күні
Қазан айында «Қарты бар елдің қазынасы бар» тақырыбында іс-шара өтілді.
Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлау білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Қарттықты құрметтеу және үлгі тұту,қарт адамдардың сіңірген еңбектерін, мемлекеттің дамуына қосқан көптеген үлестерін мойындау белгісі ретінде Қазақстанда жыл сайын1-қазан күні Халықаралық қарттар күні деп аталып өтуде. Қазақстандық әрбір жаңа ұрпақ үлкендердің даналығын, тәжірибесі мен қадір-қасиеттерін үлгі тұтады. Қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Еліміздің өсіп-өркендеуіне , еліміздің бейбіт тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың еңбегі ерекше.Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
Ақсу ауылында қарт кісілерді құрметтеу мақсатында оқушылар концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Мектеп бишілер үйірмесінің жетекшісі Чувашева Гүлсана би үйірмесінің қыздармен әр түрлі би билетіп, көрермен қошеметіне бөленді.6-сынып оқушысы Дәулет Айзере әжелер туралы ән салды. Ақсу ауылдық округінің әкімі Айдар Айтбай мырза, мектеп директоры
Қ.К.Тасибеков, Ақсу ауылдық ақсақалдар алқасы төрағасы Әукен Инкарбеков ағай қарияларды мерекемен құттықтады


