Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Жүсіп Баласағұни атындағы орта мектебі» КММ
Қазан айында «Шабыт» жобасы аясында «Даналық ұстаздан» тақырыбында челлендж ұйымдастырылды. Мектеп парламенті мүшелері ұстаздық жолдың қиыны мен қызығына шыдап, бала тәрбиесіндегі өлшеусіз еңбектеріне рахмет айта отырып, шын жүрек пен құттықтады.

1-қазан-Халықаралық қарттар күні
Қазан айында «Қарты бар елдің қазынасы бар» тақырыбында іс-шара өтілді.
Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлау білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Қарттықты құрметтеу және үлгі тұту,қарт адамдардың сіңірген еңбектерін, мемлекеттің дамуына қосқан көптеген үлестерін мойындау белгісі ретінде Қазақстанда жыл сайын1-қазан күні Халықаралық қарттар күні деп аталып өтуде. Қазақстандық әрбір жаңа ұрпақ үлкендердің даналығын, тәжірибесі мен қадір-қасиеттерін үлгі тұтады. Қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Еліміздің өсіп-өркендеуіне , еліміздің бейбіт тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың еңбегі ерекше.Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
Толығырақ...Ж.Баласағұни орта мектептің 2025-2026 оқу жылындағы 1 қыркүйек-Білім күні алғашқы қоңырау мерекесіне арналған мәліметі
Тақырыбы: Адал азамат – ел болашағы
Қыркүйектің бірі күні мектеп алаңында сағат сегізде сынып оқушылары, ұстаздар мен ата аналар шақырылған қонақтар жиналып, салтанатты жиын өз дәрежесінде жақсы деңгейде өтілді.
Мектеп алды талапқа сай гүлдермен, шарлармен безендірілді.
Оқушылар сапқа тұрып , фанфар берілгеннен кейін сахналық композиция арқылы мерекелік шара өз жалғасын тапты. Сынып оқушылары Александр Назерке, Нұрболат Дарын, Бауырхан Аяла, Жақсылық Нұрислам сынды оқушылар өздеріне берілген рөлді жақсы алып шықты.
Толығырақ...Ж.Баласағұни атындағы орта мектебінде Денсаулық күніне орай іс- шара өтілді.
Іс- шара екі бөлімнен ұйымдастырылды.
Бірінші бөлімде мекемелер арасында спорттық сайыс өтті.Ақсу ауылдық амбулаториясының ұжымы мен Ж.Баласағұни атындағы орта мектептің ұжымы спорттың төрт түрінен сынға түсті.
Іс- шара барысында екі мекеме басшылары құттықтау сөз сөйлеп қатысушыларға сәттілік тіледі. Мектеп мейіргері Сауранбек Ахмет мектеп алаңында оқушыларға денсаулық туралы, оның пайдасы жайында дәріс оқыды. Дене шынықтыру пән мұғалімдері жаттығу жасатты. Орталық стадионда сабақтан соң үлкен көлемде жарыс өтілді. Мектеп парламент мүшелері оқушыларға жаттығу жасатып, спорттық би биледі. Екі команда қатысушылары бір-біріне сәттілік тілеп жарыс басталды. Мектеп ұжымы алғашқы жарыста жүгіруден жеңіске жетті. Екінші сайыс арқан тартыстан аурухана ұжымы бір ұпай мен алға шықты.
Толығырақ...

